Вашингтонда мерекелік іс-шара кезінде он бес жасар жасөспірім қаза тапты.
Тағы үш адам жарақат алғаны хабарланды.
Бұл туралы ABC News хабарлады.
Телеарнаның хабарлауынша, қайғылы оқиғадан үш адам, соның ішінде полиция офицері де зардап шекті. Жәбірленушілер ауруханаға жеткізілді. Атыс АҚШ-тағы құлдықтың жойылуына орай ұйымдастырылған тегін көше концертінде болды.
Сонымен қатар, мерейтойлық іс-шарада төбелес болып, адамдардың көбі кептеліп қалған. Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, аталған концерт билікпен келісілмеген. Қазіргі уақытта оқ атқандар ұсталмады, оларды полиция іздестіріп жатыр.
Бұған дейін АҚШ-тың Чаттануга қаласында (Таннесси штаты) бардың жанында болған атыстан үш адам қаза тапқан болатын. Сол күні АҚШ-тағы Филадельфия қаласындағы көшелерде болған атыста үш адам қайтыс болып, 12 адам жарақат алған.