Вакциналанғандар Ашыққа автоматты түрде енгізіледі

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакциналан салдырған қазақстандықтардың базасы Ашық жүйесіне автоматты түрде енгізілетінін хабарлады, яғни ешкімнен рұқсат сұралмайды.

Қазақстанда вакцинация паспортын интеграциялау үшін Халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен (IATA) ынтымақтастық мәселесін қарастырылуда, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

«Қазіргі уақытта вакцинация паспортын интеграциялау үшін IATA Халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен ынтымақтастық мәселесі қарастырылуда. Вакцинация паспортын Ashyq қосымшасымен біріктіру 1 шілдеден бастап жүзеге асырылады», — деді Цой жұма күні ОКҚ-да өткен брифингте.

Министрдің айтуынша, вакцинаның екі компонентін алғаннан кейін берілетін паспорт Ashyq қосымшасымен біріктіру жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, вакцинация паспортында азамат вакцинаны қай жерде және қашан алғаны туралы мәліметтер болады, оны талап етілген жерден көрсетіп, QR-кодтың көмегімен оған қол жеткізуге болады.

Добавить комментарий