Вакцина салдырғаннан кейін 3,5 мыңға жуық америкалық қайтыс болды

АҚШ БАҚ-тарының хабарлауынша, COVID-19-ға қарсы екпе салдырғаннан кейін елде 3 362 адам қарсы қайтыс болған.

Тележүргізуші Такер Карлсон Fox News телеарнасындағы өз бағдарламасында вакцинаның ықтимал қаупіне назар аударды.

Журналист екпе салдырмаған адамдарға қоғамда қысым көрсетіліп отырғанын атап өтті. Бұл ретте, вакциналаудың ықтимал қаупі көп адамға белгісіз.

Карлсонның айтуынша, өткен жылдың желтоқсан айының соңынан 2021 жылдың сәуір айына дейін 3,3 мыңнан астам адам көз жұмды. Бұл орта есеппен күніне 30 азамат. Егер тұмауға қарсы вакцинациямен салыстыратын болсақ, онда да өлім жағдайлары болды, бірақ едәуір аз. Тележүргізуші мұндай ақпаратты вакциналардың жанама әсерлері туралы хабарлар жүйесінен алынған деректерге сүйене отырып келтірді.

Тележүргізуші қайтыс болғандардың нақты саны әлдеқайда көп екенін жоққа шығармайды.

Добавить комментарий