Вахташыларға көмекке автокеруен шықты

Маңғыстау облысында еріктілер Қаламқас газ-мұнай кен орнынан Ақтауға қарай жаяу шыққан вахташыларды алып кетуге көлікпен аттанды.

«Міне, Қаламқасқа 20 «альфард» (Toyota Alphard — ред.) болып жолға шығып барамыз, күтіңдер», — дейді  сейсенбі күні автокеруенді түсірген видео авторы.

Бұған дейін Маңғыстау облысындағы кен орындарынан жаяу шыққан вахташыларды көлікпен алып кетуін сұраған болатын.

Естеріңізге сала кетейік! Маңғыстау облысындағы Қаламқас кен орнының жұмысшылары Ақтау қаласының тұрғындары мен жаңаөзендіктерге қолдау көрсету мақсатында жұмысын тоқтатқан.

«Ақтауға дейін 300 шақырым жер. Қаламқас — жаяу шықтық. Барлық мекеме», — дейді жұмысшылардың бірі. Ар жағында жүздеген жұмысшының жүріп бара жатқаны көрінеді

Маңғыстау облысында мұнай өндіруші Жаңаөзен қаласының жүздеген тұрғыны 2 қаңтардан бастап наразылыққа шығып, жаңа жылы күрт қымбаттаған газ бағасын төмендетуді талап етуде.

Жаңаөзендіктерге өзге қалалар мен өңірлердің тұрғындары қолдау білдіріп жатыр. 4 қаңтарға қараған түні Ақтау мен Жаңаөзенде жүздеген адам көшеге шығып, наразылық шарасын өткізді.

Добавить комментарий