Қазақстанда утиль алым мөлшерлемесі айтарлықтай азайды. Тиісті бұйрыққа экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушы қол қойды. Бұйрық 2022 жылғы 29 сәуірде жарияланды.
Бұйрық Утилизациялық алымды есептеу әдістемесіне өзгерістер енгізуді қарастырады.
Атап айтқанда, автокөлік құралдары мен өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникаларына қатысты утилизациялық төлем коэффициенттері екі есеге төмендетілді.
Сондай-ақ утилизациялық төлем есептелетін көлік құралдарының түрлері мен санаттары нақтылаланады.
Енді жеңіл көліктерге, соның ішінде жылдам өтетін көліктерге, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникаларына, оның ішінде тракторлар мен комбайндарға 50 АЕК (153 150 теңге) мөлшерлемесін құрайтын болады.
Бұл ретте жеңіл автокөліктерге мынадай коэффициент қолданылады:
электромобильдер үшін — 0;
Қозғалтқыштың көлемі бойынша:
1 000 см3 дейін – 1,5
1 001 см3 – 2 000 см3 – 3,5
2 001 см3 бастап 3 000 см3 дейін – 5
3 001 см3 жоғары – 11,5
Қолданыстағы мөлшерлеме жеңіл автокөліктер үшін қозғалтқыш көлеміне қарай 459 мың теңгеден 3 млн 522 мың теңгеге дейін ақы төлеуді көздейді.
Жаңа тарифтер бойынша 14 мамырдан бастап утилизациялық алым мөлшері 229 мың теңгеден 1 миллион 761 мың теңгеге дейін болады.