Швейцарияда өтетін қысқы Универсиаданы 2021 жылдың 21-31 қаңтары аралығында әлемді қамтыған коронавирус пандемиясына байланысты кейінге қалдыруға тура келді.
«Швейцарияның мемлекеттік билігімен бірнеше кездесуден кейін біз 30-шы Қысқы Универсиаданың 2021 жылдың қаңтарында өткізілмейтініне бірауыздан келістік. Біз бұл шараның жоғары деңгейін және барлық қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дұрыс шешім екеніне сенімдіміз «, — деді Халықаралық университеттік спорт федерациясының бас хатшысы Эрик Сайнтронд.
Ойындарды өткізудің жаңа уақыты келесі екі айда талқыланатын болады.
Люцернде өтетін Универсиадада 50 елден 2,5 мыңға жуық студент өнер көрсетуі керек еді.
Қысқы Универсиада — Олимпиададан кейінгі ауқымдылығы жағынан екінші спорттық жарыс.