Украинаның теңіз порттарынан кемелер керуені шықты

Одесса портынан Украина астығы тиелген кемелер керуені шықты.

«Одесса», «Черноморск» және «Южный» порттарынан 13 кеме шықты — бұл «астық бастамасы» іске асырыла бастағаннан бергі ең үлкен кемелер керуені.

Бұл туралы Украинаның Инфрақұрылым министрлігі хабарлады.

«Южный» портынан 6, «Черноморск» портынан 5, ал «Одесса» портынан 2 кеме аттанды.

13 кеменің бортында әлемнің 8 еліне жеткізілетін 282,5 мың тонна Украинаның ауыл шарушылығы өнімдері тиелген, деп хабарлады министрлік.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қауіпсіз тасымалдау туралы бастаманы іске асыру аясында Украина порттарынан 86 кеме әлемнің 19 еліне жөнелтілді. Олардың бортында 2 млн. тонна ауыл шаруашылығы өнімдері бар.

 

Добавить комментарий