Украинаның ГФР-дағы елшісі елдің НАТО-ға қосылуына қатысты айтты

Украинаның Германиядағы елшісі ядролық қауіп деңгейін қалай төмендететінін білетінін мәлімдеді. Ол үшін Украинаны НАТО-ға қабылдау қажет.

Елші Мельник: Украинаның НАТО-ға қосылауы ядролық соғыс қаупін азайтады

Дипломат мемлекет аталған ұйымға мүше болатын болса, Путин өздеріне қарсы «соққы жасалатынына» сенімді юолар еді деп атап өтті.

Украинаның Германиядағы елшісі Андрей Мельник Украина НАТО-ға қосылған жағдайда ядролық соғыс қаупі азаяды деп мәлімдеді. Бұл туралы ол Funke компаниясына берген сұхбатында хабарлады.

«Егер Украина Альянсқа қосылса, онда ядролық соғыс қаупі азаяды. Сонда Путин: егер Украина ядролық шабуылға ұшыраса, онда өздеріне қарсы ядролық соққы жасалатынын сенімді болар еді. Бұл оны тоқтатады», — деп атап өтті Мельник.

Елші Украинаның НАТО-ға қосылуы Швеция немесе Финляндия сияқты тез болуы мүмкін деп мәлімдеді.

«Украинаны Альянсқа жылдам қосылуы үшін тек таза саяси шешім қажет. Менің ойымша, Украинаның НАТО-ға мүше болу мүмкіндігі соғысқа қарағанда әлдеқайда жоғары», — деді ол.

 

Добавить комментарий