Украинаның Қазақстандағы елшісі елден кетіп қалды

Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевский елден кетіп қалды. ҚР СІМ елшінің кетуіне қатысты түсініктеме берді.

Қазақстан Сыртқы істер ведомствосының ресми өкілі Айбек Смадияров Врублевскийдің демалысқа шыққанын хабарлады.

Бұған дейін Ресей Тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкин тергеушілерге Врублевскийдің қазақстандық блогер, «тілдік патрульдердің» авторына берген сұхбатында «барынша көп орыстарды өлтіру керек» деген пікірін тексеруді тапсырған болатын.

Өз кезегінде Қазақстан СІМ Украина елшісіне орыстар туралы айтқан мәлімдемесіне наразылық білдірді.

Еске салайық! Врублевский орыстар туралы айтқан сөзі үшін кешірім сұраған.

Добавить комментарий