Украина Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Арменияда Украинаның уақытша сенімді өкілі Александр Сенченко қаза тапты.
Ол елдегі украиналық дипломатиялық миссиянығ басшысы болған.
Жергілікті БАҚ Армения ІІМ-не сілтеме жасап, украиналық дипломат Севан көлінде суға батып кеткенін мәлімдеді.
13 тамызда кешкісін Севан көліндегі жағажайларының бірінде құтқарушылар жағалаудан 25 метр қашықтықта кезекшілік кезінде суға батып кеткен ер адамды байқағаны туралы ақпарат келіп түсті.
Құтқарушылар аталған учаскеге жүзіп барып, оны шамамен 1,5 метр тереңдіктен алып шығып, моторлы қайықпен жағалауға жеткізді.
Оқиға орнына келген дәрігерлер ер адамның қайтыс болғанын анықтады.