Украинанада үш АЭС әуе шабуылдарынан кейін жоспарлы қуатқа шықты


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/12/speech-44816-1671432724-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

«Укрэнерго» энергохолдингі үш атом электр станциясының жоспарлы қуаттылыққа шыққанын хабарлады.

Әңгіме Ровен, Хмельницкий және Оңтүстік Украина АЭС-і туралы болып отыр.

«18 желтоқсандағы жағдай бойынша энергия жүйесінің жұмысын қайта бастау процесі жүріп жатыр. Атом станциялары жоспарлы қуаттылыққа шықты», — делінген холдингтің хабарламасында.

«Укрэнерго» мәліметінше, елде тәулік ішінде электр энергиясын тұтыну көлемі артып, жүйедегі тапшылық көрсеткіштеріне әсер етті.

«Барлық облэнергоға тұтыну лимиттері белгіленді. Олар артатын болса авариялық ажыратулар болуы мүмкін», — деп ескертті холдингтегілер. ДТЭК өңірлік бөлімшелерінің мәліметінше, бүгінде Киев, Одесса және Днепропетровск облыстарында апатты өшірулер болды.

«Энергоатом» компаниясының хабарлауынша, Украинадағы барлық тоғыз атом энергоблогы жұмыс істеп жатыр, алайда олардың біреуінің қуаттылығы 600 МВт-қа шектелген, бұл «энергия жүйесінің электр энергиясының барлық ықтимал көлемін қабылдауға дайын еместігіне» байланысты.

Добавить комментарий