УҚҚ Орыс православ шіркеуінің патриархы, сондай-ақ патриарх Кирилл деген атпен танымал Владимир Гундяевке іздеу жариялады. Оған Украинаның аумақтық тұтастығы мен қол сұғылмаушылығына қол сұғушылық, сондай-ақ агрессиялық соғыс жүргізгені үшін Украина Қылмыстық кодексінің 110-бабы 3-бөлігі және 437-бабы 2-бөлігіне сәйкес айып тағылды.
Украина ІІМ базасында ол11 қарашада Мәскеу қаласында жоғалып кеткені айтылған.
Мәліметтерге сәйкес, ресейлік патриархқа қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Украина арнайы қызметтері Кирилл Ресейдің жоғары әскери-саяси басшылығымен тығыз байланыста екенін, Кремль саясатын қолдайтынын айтылған.