Украиналықтардың 30%-дан астамы рождестволық мерекелерді тойламайды

Украина азаматтарының үштен бірі рождестволық мерекелерді тойлауды жоспарлап отырған жоқ. Бұған әлеуметтік сауалнама деректері дәлел.

Сауалнаманың қорытындысы бойынша, украиндықтардың 66%-ы жаңа жыл-рождестволық мерекелерді атап өтуді жоспарлап отыр, ал 34% -ы рождестволық мерекелерді тойламайды.

Тойлаймыз дегендердің жартысына жуығы 1000 гривнадан астам қаржы жұмсауды жоспарлап отырған жоқ.

Олардың басым көпшілігі 94%-ы, жақын туыстарымен үйде тойлауды жоспарлап отыр.

Қалғандары жұмыс орнында атап өтеді. Соңғы зерттеулерге сәйкес Украинада басшылар мен орынбасарлар екі есе, тәртіп сақшылары 78%-ға, кәсіпкерлер 6%-ға көп жұмыс істей бастады.

Жартысынан астамы, 55%-ы былтырмен салыстырғанда аз уақыт демалады, және демалыс сұрамауда.

Добавить комментарий