Украиналық It army of Ukraine қозғалысының хакерлері ірі компаниялар, соның ішінде «Роснефть» кеңінен пайдаланатын танымал ресейлік Битрикс 24 серверлеріне шабуыл жасалғанын жариялады. Бұл туралы It army of Ukraine Telegram-дағы каналында хабарлады.
Хакерлердің айтуынша, негізінен ТМД елдеріндегі серверлер шабуылға ұшырады Олар «Роснефть» секілді корпорацияларды қоса алғанда, CRM-жүйелерін пайдаланушылардың 40% -дан астамы шабуыл нәтижесінде елеулі проблемаларға тап болғанын атап өтті.
«Бұл шабуылдар жау елдің экономикасына миллиондаған сомада шығын келтіреді, бірақ көп нәрсе бақылауды қаншалықты ұзақ сақтай алатынымызға байланысты», — деп атап өтті украиналық айтишниктер.
Еске салайық, былтыр 7 тамызда украинашыл хакерлер МосгорБТИ сайтына шабуыл жасап, жылжымайтын мүлік пен оның иелері туралы деректерді Украинаның Қорғаныс күштеріне берген.