Украиналық дипломаттар тағы да қоқан-лоқы жазылған хат алды


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/12/speech-43887-1670248628-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Украина Сыртқы істер министрлігі украиналық дипломаттар белгісіз біреулер қоқан-лоқы жазылған үш хат алғанын хабарлады. Мұндай 21 оқиға орын алғаны белгілі.

«Испандық полиция пошта бөлімшесінде Мадридтегі Украина елшілігіне, Барселонадағы бас консулдыққа және Малагадағы консулдыққа жолданған жануарлардың көздері салынған үш конвертті тәркіледі.

Жалпы, 12 елдегі Украина елшіліктері мен консулдықтарына қоқан-лоқы жазылған 21 хат жолданған», — деп жазды СІМ өкілі Олег Николенко Facebook-тегі парақшасында.

Николенконың айтуынша, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба соңғы күндері 12 елдегі украиналық дипломаттарға 18 рет қоқан-лоқы көрсетілгенін хабарлады.

Добавить комментарий