Украиналық босқындарға латыш тілі тегін оқытылады

Латвияның Үкіметтік қоғамдық интеграция қоры (SIF) Латвияда босқын ретінде жүрген Украина азаматтары үшін латыш тілі курстарын ұйымдастыруға төрт миллион еуро бөлді. Курстар 2023 жылдың соңына дейін өткізіледі және шамамен 5300 украиндыққа латыш тілін үйренуге мүмкіндік береді. Курстарға қатысу тегін, ал олардың ұзақтығы кемінде 120 академиялық сағатты құрайды. Курстарды оқып болғаннан кейін, А2 деңгейінен бастап мемлекеттік тілді меңгергендігі жөнінде емтихан тапсырады.

Ағымдағы жылдың наурыз айында Қор Украинадан келген босқындарға латыш тілін оқыту үшін мақұлданған 21 ұйымның тізімін жариялады. Өткен жылы Латвияда 2024 жылдан бастап Украинадан келген босқындарға латыш тілі курстарына баруды міндетті қылу мәселесі талқыланды, алайда бастаманы Сейм қолдаған жоқ.

Добавить комментарий