Мариупольде, «Азовсталь» зауытының жертөлесінде украиналық әскерилер бой тасалап жүр. Аталып өткендей, Приазовье қаласы толықтай Ресей әскерінің бақылауына өтті.
Соғысқа дейін жарты миллион тұрғыны бар Мариуполь Украинаның халық саны бойынша оныншы қаласы және бұл ресейлік әскерилер басып алған ең ірі қала.
«Мариупольді басып алу соңғы 2,5 ай бойы жалғасты.. қазір саясаткерлер ондаған, жүздеген адам эвакуацияланғанын айтып отыр. Бұл ретте Ресей әскері 25 мың адамды өлтірді», — деп мәлімдеді барлау басқармасының офицері, «Азов» ұлтшыл полкінің жауынгері Илья Самойленко.
Associated Press басылымының хабарлауынша, Мариуполь драмма театрында болған жарылыстан 600 адам қаза тапқан.
Атап өткендей, Мариупольде қаза тапқан бейбіт тұрғындардың нақты санын қала босатылғаннан кейін ғана белгілі болады.
Фультрациялық пункттердегі жаға ұстатарлық оқиғалар: Мариуполь қаласының тұрғыны
Мариупольдықтар қираған қаладан кету үшін фильтрациялық процедурадан өтуге мәжбүр, себебі Ресей қолбасшылығы бейбіт тұрғындардың арасында азаматтық киім киген нацистер мен әскерилер болуы мүмкін деп есептейді
Атап айтқанда, Мариуполь қалалық бас кеңесшісі Петр Андрющенконың айтуынша, осы санатқа жататындардың барлығын Донецк облысы Оленевка ауылындағы бұрынғы № 52 түзеу колониясына немесе Донецк қаласындағы «Изоляция» түрмесіне жеткізіп жатыр.
«Оленовкадағы колонияда УҚҚ, УҰГ және басқа да құқық қорғау органдарында қызмет етпейтіндер отыр. Мұнда құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері, белсенділер, журналистер мен бейбіт тұрғындар және күдік тудырған басқа да адамдар (белгілі бір татуировкасы барлар) қамауда отыр. Қамауда ұстаудың минималды мерзім 36 тәулік», — деді Андрющенко.
Ең үлкен фильтрациялық лагерьде шамамен 2 мың ер адам бар. Украиналық БАҚ-тың хабарлауынша, аталған колония 850 адамға арналған, бірақ онда шамамен 3 мың адам бар.
«Күніне ондаған адамға бір бөтелге су береді. Ал тамақ күнделікті берілмейді. Дәретханаға күн сайын бара алады. Сондай-ақ жауап алу да жүргзіледі», — делінген басылымда 62.ua.
«Басылымға берген сұхбатында Мариупольдің 60 жастағы тұрғыны Виктория Левашина фильтрациялық процедура жайлы айтты.
«Біз Безымянныйға келдік. Фильтрацияны күту үшін пәтер жалдадым. Біз оны екі күн күттік. Кезегіміз келгенде бізді үлкен бөлмеге шақырды. Онда ұзын үстелдер мен орындықтар болды. Әскери киім киген ер адамдар көп болды. Олар 2-3 адамнан шақырып отырды. Жастарды мұқият тексеріп, шешіндірді. Мені ондай қатты тексерген жоқ. Шынымды айтсам, мен филтрация туралы ешнәрсе білмедім. Мариупольде атыс кезінде бізге ешқандай ақпарат берген жоқ. Сондықтан мен оған дайын болмадым.
Көлікте отырғанда маған Фейсбукті (РФ аумағында террористік деп танылған ресурс — ред.) телефоннан өшіруге кеңес берді. Ал мен оны өшіре алмадым. Құпия сөзді ұмыттып қалыппын. Бір сөзбен айтқанда, өшірмедім. Сондықтан өз телефонымды емес, анамның телефонын алдым. Ол ескі, батырмасы жоқ және интернетке мүлдем кірмейді. Бізді әңгімелесуге шақырып, өзімізбен бірге тек төлқұжат пен телефонды алып жүруімізді айтты. Алдымен менен саусақ іздерін алды, дактилоскопиядан (дактилоскопия — саусақ іздерін алу) өткенім туралы анықтама берді. Сосын маған күте тұруды айтты. Сөйтіп күтіп отырдым, барлығына паспорттары мен телефондарын қайтарды, тек маған ғана қайтармады.
Кенеттен бөлмеден жігіт шығып, менің тегімді айқайлап айтты. Бөлмеге кіре бергенімде маған автомат кезеді. Мен бір орында тапжылмай тұрдым. Жастау келген жігіт менің телефонымды емес, өз телефонын бетіме басты. Онда фэйсбук ашылып тұр. Менің профильімді тауып алыпты, онда менің аватаркамды көрген. Ол менің профильімді көрсетті, менің авамда көк-сары түсті жалау бейнеленген. Біткен жерім сол болды! Ол айқайға басты.
Ол мені балағаттап, маған 10 жылға Ресей аумағына кіруге тыйым салынғанын айтты.
«Жасың 60-та болғаныңа қуана бер, әйтпесе. Львовқа дейін жаяу барар едің- дейді әйел.
Жүздеген, бәлкім, мыңдаған мариупольдықтар мәжбүрлі түрде Ресейге депортацияланды. Осылайша, ресейлік ақпарат-ресурстардың арқасында 300 мариупольдік өз қаласынан он мың шақырым жердегі ресейлік Владивосток қаласына дейін депортацияланғаны белгілі болды.
Петр Андрющенконың айтуынша, адамдарды жатақханаларға орналастырған. Жұмысқа тек ұсынылған бос орындарға ғана кірсе болады.
Мариуполь мэрі Вадим Бойченконың бағалауынша, бүгінде басып алынған және қираған қалада 150-170 мың адам қалып отыр.
«Оккупанттар Мариупольді ортағасырлық геттоға айналдырды. Сондықтан өлім саны көп болады. Дәрі-дәрмексіз және медициналық көмексіз және сумен жабдықтау мен жарамды кәріз жүйесі зақымдалғандықтан қалада түрлі індет таралады. Қазіргі уақытта халықтың көбісі — егде жастағы және науқас адамдар. Тиісті жағдай жасалмаса осал санатқа жататын адамдардың өлім-жітім көрсеткіші бірнеше есеге артады», — деп есептейді қала сыртында жүрген Бойченко.
Мариупольге кейбір азық-түлік жиынтығы жеткізіліп жатыр, мерт болған мариупольдіктердің денелері қаладан шығарылуда. Бұл туралы омбудсмен Людмила Денисова ешқандай дереккөздерге сілтеме жасамай хабарлады.