Украинадағы референдумдарға байланысты Брюссельге ресейлік өкіл шақырылды

Еуроодақ Брюссельге Ресей Федерациясының өкілін шақырды. Бұған Украина аумақтарын аннексиялау себеп болғаны аталды. Бұл туралы AFP агенттігіне берген түсініктемесінде Еуропалық комиссияның өкілі Петер Стано мәлімдеді.

«Бұл бүкіл ЕО аясында үйлестірілген қадам», — деп атап өтті Стано,алайда Ресей елшісін шақырылуына қатысты егжей-тегжейлі мағлұмат бермеді. Брюссельге кімнің шақырылғаны да белгісіз, себебі РФ-ның ЕО жанындағы тұрақты өкілі Владимир Чижов қыркүйек айында 17 жыл қызмет атқарғаннан кейін лауазымынан кеткен.

ЕО елдері Ресей президенті Владимир Путин ақпан айында баса-көктеп кіргеннен кейін басып алған Украинаның төрт облысын аннексиялау туралы жариялағаннан кейін жұма күні ресейлік дипломаттарды шақыра бастады. Атап айтқанда, Бельгия жұма күні Ресей елшісін шақырды. Дүйсенбі күні Италия, Австрия, Польша, Финляндия, Германия және басқа да елдер шақырды.

Литвада РФ-ның сенімді өкілі Сергей Рябоконь шақырылды. Украина аумағының аннексиясына байланысты наразылықтан бөлек, Вильнюс дипломатты персона нон грата деп жариялау туралы шешім қабылдады, өйткені Рябоконьнің соңғы әрекеті мен мәлімдемелері оның дипломатиялық мәртебесімен үйлеспейді. Еуропа Одағы дүйсенбі күні Украина аумағының бір бөлігін заңсыз аннексиялауды айыптау бойынша мүше мемлекеттермен үйлестірілген күш-жігер аясында Ресейдің «бас дипломатын» Брюссельге шақырды.

«Европейская правда» хабарлауынша, бұл туралы AFP агенттігіне берген түсініктемесінде Еуропалық комиссияның өкілі Петер Стано мәлімдеді. «Бұл бүкіл ЕО аясында үйлестірілген қадам», — деп атап өтті Стано,алайда Ресей елшісін шақырылуына қатысты егжей-тегжейлі мағлұмат бермеді.

 

Добавить комментарий