Украинада Тульчин және Брацлав епархияларының митрополиті сотталады

Мәскеу патриархатының Украина Православ шіркеуінің митрополиті 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Украина Қауіпсіздік қызметі (УҚҚ) хабарлады.

УҚК өкілдері Украинаға қарсы ресейлік қарулы агрессияны көпшілік алдында жақтаған Винница облысы МП УПШ-ның Тульчин және Брацлав епархиясының басшысы Ионафанның (Анатолий Елецкий) кінәсінің дәлелдемелері жинақталғанын хабарлады.

УҚҚ баспасөз қызметі айыптау актісі сотқа (Винница облысының Тульчинский аудандық соты — ред) жолданғанын айтты .

УҚҚ материалдары бойынша митрополитке нақты жаза мерзімі — 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

«Айыпталушының әрекеті Украинаның Қылмыстық кодексінің төрт бабы бойынша сараланған», — деп хабарлады украиналық БАҚ.

 

Добавить комментарий