Украинада соғыс кезінде шекараны заңсыз кесіп өткендер жазаланады

Украина билігі соғыс кезінде елден заңсыз кетіп, заңнаманы бұзған ер адамдарды жазалауды көздейтін жаңа заң қабылдамақ. Украинаға қайтып оралған заң бұзушылар жазаланады.

Бұл туралы Украина Ішкі істер министрлігінің басшысы Игорь Клименко сұхбат беру кезінде жариялады. Ол қазіргі уақытта Украинада шекараны заңсыз кесіп өтіп, кейін елге қайтып келгендер үшін ауыр жаза жоқ екенін атап өтті.

«Осынау қиын-қыстау уақыттағы өз әрекеттерін есте сақтауы үшін соғыс аяқталғаннан кейін жаңа ережелер мен шектеулерді енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл елден заңсыз кеткендерге де қатысты», — деп мәлімдеді Клименко.

Оның айтуынша, аталмыш бастама үкімет пен парламенттің бірлескен күш-жігерімен жүзеге асырылады.

Ішкі істер министрлігінің басшысы атап өткендей, қазіргі таңда осы саладағы халықаралық тәжірибе зерттеліп жатыр, бір мәрте заң бұзған азаматтарға қандай шара қолдану керектігі қарастырылып жатыр.

Ол мұндай тұлғалар өз әрекеттеріне жауап беруі керек екенін атап өтті.

«Менің ойымша, еліміздің әрбір азаматы мұны қалайды және мемлекет олардың жүріп-тұруын, шетелге шығу мүмкіндігін шектейді», — деп толықтырды Клименко.

Добавить комментарий