Украинада қауіпсіздік кепілдіктері бойынша келіссөздер жүргізу үшін делегация құрылды

Украина Президенті Владимир Зеленский «қауіпсіздік кепілдіктерін» әзірлеу жөніндегі келіссөздерге қатысу үшін делегация құру туралы өкімге қол қойды. Бұл бастама екіжақты және көпжақты халықаралық келісімдер арқылы Украинаның қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған.

Президент Кеңсесінің басшысы Андрей Ермак түрлі ведомстволардың жоғары лауазымды өкілдерінен тұратын делегацияға жетекшілік етеді. Делегация құрамында Ермак, Роман Машовец және Игорь Жовква, сондай-ақ Еуропалық және еуроатлантикалық интеграция мәселелері жөніндегі департаменттің өкілдері — Игорь Баранецкий және Виталий Мартынюк бар.

Сонымен қатар, делегацияда өнеркәсіптің стратегиялық салалары, қорғаныс, әділет және экономика министрлері, сондай-ақ СІМ өкілдері бар. Делегацияның құрамына Қорғаныс министрлігінің Бас барлау басқармасының басшысы Кирилл Буданов және Сыртқы барлау қызметінің басшысы Александр Литвиненко сияқты барлау қызметтерінің басшылары кірді.

Өкiмде делегацияның басшысы Андрей Ермакқа делегацияның құрамына өзгерiстер енгiзу және қажет болған жағдайда осындай өзгерiстердi Сыртқы iстер министрлiгiмен келiсе отырып, сарапшылар тарту құқығы беріледi.

Добавить комментарий