Украина: Жоғарғы Рада депутаттары импичмент туралы сөз қозғай бастады

Украина Парламенті елдің қазіргі президенті Владимир Зеленскийге импичмент рәсімін бастау мәселесі көтерді.

Үш телеарна жабылғаннан кейін «Оппозициялық платформа — Өмір үшін» партиясының тең төрағасы Вадим Рабинович Жоғарғы Рада мінберінен президент Владимир Зеленскийдің импичмент рәсімі басталғанын мәлімдеді.

Оған президенттің «112», ZiK және NewsOne телеарналарына санкция салу туралы шешімі түрткі болды.

Рабинович Владимир Зеленскийді ТКШ тарифтері, COVID-ке қарсы вакцинаның жетіспеуі, медицинадағы мәселелер және басқа да проблемалар туралы «халыққа шындықты» айтқандардың «ауыздарын жабуға» тырысты деп айыптады.

«Бүгін түнде тәуелсіз Украина тарихында алғаш рет танымал үш телеарна жабылды», — деді Рабинович.

Добавить комментарий