Украина президентінің баспасөз хатшысы Сергей Никифоров Киевте мемлекет басшысы жол апатына апатқа ұшырағанын хабарлады.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі ресми парақшасында айтты.
«Киевте жеңіл көлік Украина Президенті отырған көлік пен кортежбен соқтығысты.
Мемлекет басшысымен еріп жүретін дәрігерлер жеңіл көлік жүргізушісіне алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем көлігіне тапсырды.
Президентті дәрігер қарап шықты, қрқатындай жарақат алған жоқ.
Тәртіп сақшылары жол апатының барлық мән-жайын анықтайды», — делінген хабарламада.