Украина: Зеленский ресейлік БАҚ қызметкерлерін «жазалауға» уәде берді

Украина президенті Владимир Зеленский Украина аумағындағы арнайы операция барысында РФ Қарулы Күштерінің іс-қимылын қолдайтын ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін «жазалауға» уәде берді.

Сейсенбі күні Украина президентінің кеңсесі жариялаған кешкі бейнеүндеуде Зеленский бұған дейін БҰҰ-да сөйлеген сөзін айтып, ресейлік әскерилердің Украинадағы іс-қимылын тексеру үшін трибунал құруға шақырды. «Ресей әскерінің іс-әрекетін ақтап, лаңкестік жайлы жалған ақпарат беріп жатқан ресейлік пропагандистерге жеке тоқталғым келеді. Олардың әрқайсысы жазаланады», — деді Зеленский.

Дегенмен Украина президенті ресейлік БАҚ қызметкерлерін қалай «жазалайтынын» айтпады.

Сейсенбі күні Зеленский БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында бейнебайланыс арқылы сөз сөйлеген болатын. Ол Ресейді «лаңкестік мемлекет» деп тануға, оны БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінен шығаруға және оның әрекетін тексеру үшін «трибунал» құруға шақырды. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысы Украинаның бастамасымен зымыран атқылау мәселесін қарау үшін өткізілді.

Добавить комментарий