Украина: Шабуылға ұшырамаған ЖЭО қалмады

Жаппай зымыран шабуылдарының нәтижесінде Ресей әскерлері Украинаның энергия жүйесін толықтай жойды.

Еліміздің барлық дерлік ЖЭО-лары мен ірі СЭС-тері шабуылға ұшырады, деп хабарлады брифинг барысында «Укрэнерго» басқарма басшысы Владимир Кудрицкий.

«Соңғы шабуылдан кейін бізде шабуылға ұшырамаған жылу және су электр станциялары қалмады. Сіздерге осы шабуылдардың ауқымын және біздің қандай жағдайда жұмыс істеуге мәжбүр болып отырғанымыз түсінікті болу үшін: үлкен электр станциялары туралы айтатын болсақ, барлық жылу және гидрогенерация зақымданды, зымыран соққыларына ұшырады», — деп атап өтті Кудрицкий.

Оның айтуынша, зақымданбаған «Укрэнерго» қосалқы станциялары қалған жоқ. Сондай-ақ, басшы өткен аптадағы Украинаның энергия жүйесіне жасалған алтыншы ауқымды шабуыл соғыс басталғаннан бергі ең ауқымды шабуыл болғанын айтты.

Кудрицкий РФ әскерлері негізінен «Укрэнерго» қосалқы станциясы мен электр станцияларына түскен 100-ге жуық ауыр зымыран ұшығарғанын хабарлады. Бұл ретте күрделі және жоғары технологиялық жабдықтары бар компанияның 15 нысаны зақымдалған.

«Әрбір маңызды қосалқы станцияға, өкінішке орай, зымыран шабуылы жасалды, ал басқа да қосалқы станцияларға — бірнеше мәрте: үш, бес, тіпті сегіз рет, сондай нысандар бар. Сондықтан келтірілген залал ауқымы орасан зор», — деді компания басшысы.

Добавить комментарий