Көктемде Украина аумағындағы соғыс контекстінде ең көп талқыланған тақырыптардың бірі УҚК-ның қарымта шабуылы болды. Сарапшылардың басым бөлігі аталған шабуыл соғыстың барысын өзгертеді деп есептейді. Украина армиясының жетістіктері Ресей президенті Владимир Путиннің ел ішіндегі жағдайын қиындатуы мүмкін, сондай-ақ Украинаның батыстық серіктестері әскери көмекті одан әрі ұлғайтуы мүмкін.
Украина әскерінің алдағы шабуылы санаулы күннің ішінде Харьков бағытында Ресей әскерін талқандаған секілді классикалық қарымта шабуыл болмайтынын түсіну керек.
Қазіргі уақытта Украина ауқымды соққы беруге дайындалып жатыр, ал Ресей әскерлері қорғаныста қалып, тойтарыс беру үшін тырысып бағады. Бұл ретте УҚК шабуыл жасау үшін үш стратегиясы бар. Біріншіден, Украина әскері соғыс алаңының (Херсон және Запорожьедегі соғыс алаңы маңында) тар бөлігінде бір ірі шабуыл жасауы мүмкін. Екінші нұсқа оңтүстік пен шығыс бағытында бір мезгілде екі шабуыл жасау. Шабуылдың үшінші нұсқасы оңтүстік және шығыстан бір-бірімен үйлестірілмейтін шабуылдар болуы мүмкін.
«Қалыптасқан жағдай Ресей армиясы үшін мүлдем жаңа шындық болады деп айтуға болады. Басқыншы әскерлер алғаш рет Украина Қарулы Күштерінің ауқымды, жоспарлы және даярланған соққысын тойтаруға дайындалады. Ресей әскері қайда соққы беретінін білмейді, бірақ бірінші соққы кімге жасалатынын жақсы түсінеді», — деп жазады батыстық саясаттанушылар.
Осы тұрғыда олар үш негізгі сценарийді ұсынып отыр:
- «Шабуыл Украинаның әскери қолбасшылығының жоспарына сәйкес болады, яғни УҚК-ның алдыңғы қарымта шабуылы кезінде Ресей әскерлері Харьков облысында шайқасқа түспей, өз позицияларын тастап қашқан, бұл жолы дәл сондай болады.
- Ресей армиясы Украина әскерінің барлық шабуылдарына тойтарыс бере алмайды, осылайша майданда ештеңе өзгермейді.
- Украина әскері алға жылжуы мүмкін, бірақ ол бастапқыда жоспарланғандай емес».
Батыстық сарапшылар жоғарыда аталған оқиғалардың даму барысына қатысты түсініктеме бере отырып,«шабуыл бірінші сценарийге сәйкес орын алуы ықтимал» дейді.
Олар өз болжамдарын былайша түсіндіреді:
«Оқиғаның мұндай дамуы бірнеше себептерге байланысты болуы мүмкін. Біріншіден, Украина армиясы қазіргі заманғы батыс қару-жарағын алды. Екіншіден, ресейлік сарбаздардың ынтасы өте төмен. Көптеген жұмылдырылған ресейліктер өздерінің не үшін соғысып жатқанын, не үшін бөтен жерде жатқанын түсінбейді, олар өз халқын немесе өз елін қорғамайды. Осылайша, көбі өліммен шайқасқа түскісі келмейді, қорғаныс позициясын тастап кеткісі келеді. Үшіншіден — украин сарбаздарының кәсібилігі мен ынтасы жоғары. Бұл аспектіде соңғы күндері Бахмут ауданында қалыптасқан жағдай айқын мысал бола алады. Сөйтіп, украиналық қорғаушылар позициялық қорғаныс жүргізумен қатар, Ресей әскерлерінің шегінуіне әкеліп соқтырған шабуыл қимылдарын да жүргізуде. «Біз қапталды тұрақтандырып, аумақтың бір бөлігін тартып алдық.
«Мағынасыз соғыс ашқан Путин жақында билікте болу уақытын қысқартатын тағы бір ауыр жеңіліс табуы мүмкін», — деп болжайды украиналық саясаттанушылар.