Украина: Тұз шығаратын зауыт жұмысын тоқтатты

Кәсіпорын тұзды толассыз атысқа байланысты темір жолдар арқылы шығара алмауда.

Ұрыс қимылдарына байланысты Донецк облысы Бахмут ауданындағы Соледар қаласында орналасқан Еуропадағы ең ірі тас тұзын өндіретін «Артемсоль» кәсіпорны жұмысын тоқтатты. Бұл туралы мемлекеттік кәсіпорын директорының міндетін атқарушы Виктор Юрин мәлімдеді.

«Артемсоли» басшысы өндіріс сәуір айында тоқтатылғанын айтты — дайын өнім қоры кәсіпорыннан сауда желілері арқылы шығарылды. Оның айтуынша, дайын өнімді толассыз атысқа байланысты теміржолдармен шығару мүмкін болмауда.

«Артемсоль» өнімін негізінен теміржол көлігі арқылы жөнелтуге бағдарланған. Автокөлікпен аздаған бөлігін ғана шығара аламыз. Ал егер темір жол болмаса, біз де жұмыс істей алмаймыз», — деді Юрин.

«Артемсоль» зауытының жұмысы тоқтағанына байланысты Украинаға тұзды импорттауға тура келеді. Юрин кәсіпорынның жұмысы тоқтағанынан шетелдегі тұтынушыларға да әсер ететінін хабарлады.

«Біз Еуропадағы тұз өндіретін ірі кәсіпорын болдық. Біздің тұрақты клиенттеріміздің арасында Венгрия, Польша, Грузия, Молдова, Әзірбайжан, Румыния болды», — деп атап өтті Юрин.

Добавить комментарий