Украина: Соғыс туралы үн қатпаған әртістерді атақтарынан айырады


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/09/speech-38435-1663153727-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Украина министрлер кабинеті РФ-ға қолдау көрсеткендерді ғана емес, соғыс туралы үн қатпағандарды да «Украинаның халық әртісі» атағынан айыратын құжат дайындағанын мәлімдеді.

Мәдениет министрлігі халық әртісі РФ-ны қолдайтын болса немесе Украинадағы соғысқа қатысты пікір білдірмесе, онда атағынан айырылуы мүмкін деп мәлімдеді.

«Осы уақытқа дейін Украинаның Халық әртісі атағын мақтанышпен иемденіп жүрген әртістер Ресей агрессиясына қарсы үн қатпағаны немесе қолдағаны үшн атағынан айырылатынын атап кеткім келеді», — деп хабарлады Мәдениет және ақпараттық саясат министрі Александр Ткаченко әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ткаченко тиісті заңдарға түзетулер енгізу бойынша жұмыс істеп жатқанын айтты.

Добавить комментарий