Украина: Соғыс басталғалы бір жылдай уақыт өтті

Сейсенбі күні 24 қаңтарда Ресей президенті Владимир Путиннің бұйрығымен Украина аумағында басталғанын соғыс қимылдарына 11 ай болды. Айта кету керек, баса көктеп кірмей тұрып және соғыс басталғанда РФ-ның көптеген пропагандисттері Украинаға соғыста оңай әрі жылдам «жеңіске» жететінін мәлімдеген. Кескілескен шайқас жүріп жатқанда пропагандисттер мен Ресей билігінің өкілдері соғыста «жетістікке» жетіп жатқанын бірнеше мәрте айтқан.

Мәселен, РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков РФ Украинаны демилитаризациялау жолында «айтарлықтай алға жылжыды» деп мәлімдеді. Сондай-ақ ресейлік шенеунік Ресей билігі Украинадағы әскери іс-қимылдарда жеңіске жететініне сенімді екенін бірнеше айтқан. «Әрине, ресейлік билік пен пропаганда ашып-жарып айта қоймасы анық.

Сарапшылар Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдірді

Оның үстіне, соңғы 11 айдың ішінде Ресей Украинада алға қойған мақсаттарының көбісіне қол жеткізе алмады», — деп жазады батыстық саясаттанушылар. Батыстың барлық аналитиктері мен сарапшылары Ресей әскері орасан зор шығынға ұшырады деп отыр. Олардың бір бөлігі Ресей әскері осы соғыстағы шығындардан кейін қалпына келуі үшін кем дегенде 5 жыл уақыт керек деп есептейді және Ресей алға қойған бірінші кезектегі мақсаттарға соғыстың алғашқы 11 айында қол жеткізбеді деп отыр.

«Біріншіден, Ресей әскері Киевті басып ала алмады. Артынша Кремльдегілер Украинаға қарсы емес, Киев билігіне ауыр қару-жарақ беріп отырған НАТО блогына қарсы соғысып жатқанын айта жөнелді. Екіншіден, РФ әскері Донецк және Луганск облыстарының әкімшілік шекараларына шыға алмады. Бірнеше ай бойы Бахмут түбінде кескілескен шайқас жүріп жатыр, олар қаланы әлі басып ала алмауда. «Ресей қолбасшылығы орасан зор шығындар туралы тіс жармай отыр. Үшіншіден, ресейлік басқыншылар Херсонды уысында сақтай алмады.

Сарапшылар Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдірді

Кремль Харьков облысынан кері шегініп, өз әскерлерінің Херсоннан шығарылуын «ізгі ниет» белгісі деп атап, ресейліктерге ел әскерінің жеңілісін жасырып қалмақ. Төртіншіден, Украинаның маңызды инфрақұрылымына қарсы жасалып жатқан зымыран шабуылдары айтарлықтай зардаптарға әкеп соқтырмады және украиндықтардың еңсесін түсірмеді. Күллі өркениетті әлемде Ресей лаңкес мемлекет деген атақ алды», — деп мәлімдейді саяси технологиялар саласындағы мамандар. Олардың пікірінше, Путиннің әрекеті Ресейді батыс әлемінен оқшауландырды.

Добавить комментарий