Украина Словакиядан сомасы €130 млн болатын әскери көмек алды

Украина аумағындағы жағдайға байланысты Батыс елдері Украинаға белсенді түрде әскери көмек көрсетуде.

Словакия Украинаға жалпы сомасы €130 млн болатын әскери көмек көрсетті. Бұл туралы дүйсенбі күні Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Мартина Кав-Какашчикова хабарлады, оның сөзін TASR агенттігі келтіреді.

«Словакия бүгінге дейін Украинаға шамамен €62 млн сомаға әскери көмек жіберіп, құны шамамен €68 млн құрайтын С-300 зениттік зымыран кешенін (ЗЗК) ұсынды», — деп атап өтті Кав-Какашчикова.

Украинаға әскери көмек көрсеткені үшін Еуроодақ Словакияға қаржы шығындарын өтеуі мүмкін. Бұл қандай формада болатыны нақтыланбады. Братислава осы мәселе бойынша Брюссельмен белсенді келіссөздер жүргізуде. Словакия Қорғаныс министрі Ярослав Надь бұған дейін республиканың кеңестік өндірістің ескірген С-300 америкалық Patriot ЗЗК-мен алмастырғысы келетінін айтқан болатын.

Добавить комментарий