Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба елдің НАТО-ға мүше болуына бір табан жақын қалды деп мәлімдеді.
Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Украина үшін Вильнюсте өткен НАТО саммитінің нәтижелеріне риза екенін және енді жақын арада елді ұйымға қосылуға шақырады деп санайтынын мәлімдеді.
«Мені бір нәрсе қанағаттандырмайды — саммиттің мәтінінде Украина мүшелікке шақырылатыны немесе шартты түрде ертең шақырылатыны туралы нақты ешнәрсе айтылмады. Бірақ осы саммитет ресми шешімдер мен ресми мәлімдемелер емес, сондай-ақ оның сыртында не болғаны да өте маңызды. Ал барлығы салыстырып отырған Вильнюстегі саммит 2008 жылы өткен Бухарест саммитімен ғана емес, Мадридтегі саммиттен де түбегейлі айырмашылығы бар.
Біз психологиялық кедергіні еңсердік, енді Украина НАТО-ға мүше болуға бір табан жақын қалды деп есептеймін. Олардың «кванттық серпіліс» жасамағаны — дұрыс болмады. Бірақ, екінші жағынан, кванттық серпіліс біз күткеннен әлдеқайда ерте болатынын көріп отырмын. Өйткені, жабық есіктің арғы жағында барлығы сабырмен: алаңдамаңдар, мәселе шешілді, НАТО-ға мүше боласыңдап деп отыр».
Саммиттің нәтижесіне ризасыз ба деген сұраққа Күлеба «негізі иә» деп жауап берді.
Еске сала кетейік, Вильнюс саммитінің шешімі Украинаға қатысты айтарлықтай жағымды тұжырымдар бар. Атап айтқанда, НАТО саммитінде Украинаның Альянсқа қосылу жолында Мүшелік әрекет жоспары алып тастауға келісті. Сонымен қатар одақтастар Украинаны «кейбір шарттарға қол жеткізілгенде» НАТО-ға қосылуға шақыратынын айтты.