Украина СІМ басшысы G7 елдерінен Украинаға РФ активтерін беру жөнінде заңды қабылдауды талап етті

Украинаның Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Украинаны қалпына келтіру үшін Ресейдің бұғатталған қаражатын жұмсау қажет екенін мәлімдеді.

Ол «Үлкен жетілік» елдерінің басшыларын Ресейдің активтерін тәркілеп, оны Украинаға жіберу үшін қажетті заңнамалық шешім қабылдауға шақырды. Бұл туралы Украина СІМ баспасөз қызметі Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

«Мен G7 елдерінің сыртқы істер министрлерін заңнаманы қабылдауға және Ресейдің егеменді активтерін Украинаға жіберу үшін қажетті барлық процедураны жүргізуді сұрадым. Біз сол қаражатты елімізді қалпына келтіру үшін пайдаланамыз», — деді Кулеба.

Министр Канада осындай шешім қабылдағанын айтты.

Добавить комментарий