Украина СІМ басшысы елге көбірек қару-жарақ керек деп санайды

Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Ресеймен соғысты жалғастыру үшін елге көбірек қару-жарақ қажет екенін мәлімдеді.

Ел үкіметі қару-жарақ жеткізуді кешіктіруінің салдарынан бейбіт тұрғындардың өлімі артады деп есептейді.

Мариупольді жау қолынан қайтару үшін Украинаға көбірек қару-жарақ жеткізу керек, Украина қару-жарақ алу үшін Батыспен келіссөздер жүргізуде. Бұл туралы сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба бейсенбі, 14 сәуірде ирландиялық әріптесі Саймон Ковенимен өткен брифингте мәлімдеді.

«Мариуполь шарасыз жағдайда. Сол жақтан келетін жаңалықтар өте ауыр тиеді. Біз бейбіт тұрғындарды және Мариуполь қорғаушыларын қолдау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Бірақ Мариупольді жау қолынан қайтарып, халықты құтқару үшін бізге көбірек қару-жарақ керек, біз осы мәселе бойынша серіктестерімізбен жұмыс істеп жатырмыз», — деді Кулеба.

Сыртқы істер министрі қару-жарақ жеткізуді кешіктірудің салдарынан бейбіт тұрғындардың қырылуы мен қирандылар саны артатынын атап өтті.

«Егер Украина апталар бойы емес, бір күннің ішінде барлық қажетті қару-жарарқты алмаса, бұл көптеген бейбіт тұрғындардың өлімі, зорлық-зомбылық саны көбейеді және ресейліктердің шабуылынан Украинадағы ауылдар мен қалалар қирандыға айналады десе болады», — деді Кулеба.

Добавить комментарий