Украина СІМ: 15 елдегі дипломаттар қоқан-лоқы жазылған хат алды

Украинаның СІМ басшысы Дмитрий Кулеба әлеуметтік желіcіндегі парақшасында әлемнің 15 елінде украиналық дипломаттар 31 қоқан-лоқы жазылған хат алғанын айтты.

Оның айтуынша, соңғы екі тәуліктің іішнде Италия, Польша, Португалия, Румыния және Даниядағы елшіліктерге, сондай-ақ Гданьскідегі консулдықтарға күмәнді пакеттер келген.

«Жалпы алғанда, 15 елде 31 осындай оқиға орын алды: Австрия (1), Ватикан (1), Дания (1), Испания (5), Италия (4), Қазақстан (1), Нидерланд (1), Польша (6), Португалия (2), Румыния (2), АҚШ (1), Венгрия (2) , Франция (1), Хорватия (1), Чехия (2)», — деп жазды Кулеба

Ол барлық конвертте жөнелтушінің мекен-жайы бірдей көрсетілгенін айтты: Германияның Sindelfingen қалашығындағы Tesla автосалоны. Хатты бейнебақылау камерасы орнатылмаған пошта бөлімшелерінен жіберген. Қаскүнемдер пакеттерде өздерінің ДНҚ іздерін қалдырмау үшін шаралар қолданған.

Министр сыртқы істер министрлері басшыларымен байланыста, Украина елшіліктері қоқан-лоқының барлық жағдайларын тексеру контекстінде шетелдік тараппен өзара іс-қимыл жасайды. Украинаның құқық қорғау органдары да тергеуді жедел бастады.

«Қазір украиналық дипломаттарға қарсы жүргізіліп жатқан террорлық науқан тек Украина контекстінде ғана емес, әлемдік деңгейде де өзінің ауқымы жағынан теңдесі жоқ. Бір елдің елшіліктері мен консулдықтарының осыншама қысқа уақыт ішінде жаппай шабуылға ұшырағанын бұрын-соңды болмаған», — деп мәлімдеді Кулеба.

«Бірақ жауларымыз Украина дипломатиясын қорқытуға қанша күш салса да, ешнәрсеге қол жеткізе алмайды. Әрі қарай жеңіске жету үшін жұмыс істейміз», — деп баса айтты ол.

Еске сала кетейік, өткен аптада сәрсенбі күні түстен кейін Мадридтегі дипломатиялық мекеме ғимаратында Украина елшілігінің қызметкері елшіге жолданған пакеттің жарылуынан ауыр жарақат алмағаны белгілі болды.

Добавить комментарий