Украина үшін бейбітшілік және қауіпсіздік кепілдігі формуласы

Давостағы халықаралық экономикалық форумда Украина үшін бейбітшілік формуласы туралы мәселе көтерілді. Президент Владимир Зеленский Ресеймен жасалған бейбіт келісімге қатысты ойын айтты. Президент Владимир Путинге бұл нұсқа ұнамады, себебі Кремль окупациялық мақсаттарынан бас тартпайды. Бейбіт келісімге келу туралы айтуға әлі ерте және Украина үшін АҚШ пен батыс одақтастарынан әскери көмек көлемін ұлғайту, сондай-ақ басқа мемлекеттерден қауіпсіздік кепілдіктерін алу ең жақсы қорғаныс құралы болмақ.

Украина Президенті Владимир Зеленский Швейцарияда ұсынған бейбітшілік формуласын сексен ел қарады. Бұл Украина үшін бейбітшілік формуласын әзірлеу мәселесі бойынша өткізілген төртінші кездесу болды. Онда тағы бес компонент қарастырылды: «Ресей әскерлерін елден шығару және ұрыс қимылдарын тоқтату», «Әділдікті қалпына келтіру», «Экологиялық қауіпсіздік», «Агрессияның өршуіне және қайталануына жол бермеу», «Соғыстың аяқталғанын растау». Кездесуге жаһандық оңтүстік елдері де қатысты. Олар Украинаға қолдау білдіріп, бірақ бейбітшілік формуласы Ресейдің қатысуынсыз мүмкін емес екенін және Кремль өкілдерін қақтығысты бейбіт жолмен шешуге арналған келесі кездесуге шақыру керектігін атап өтті. Өз кезегінде Владимир Путин Давостағы форумға түсініктеме бере отырып, пікірталасты «келіссөздер процесі үшін тыйым салатын талаптар» деп атады.

«Қақьығыстың шиеленісуі мен қайталануына жол бермеу» туралы бейбітшілік формуласының тармағында қауіпсіздік кепілдіктері туралы келісімге қол қоятын елдерге үндеу бар. Бәлкім, Украина Ұлыбританиямен келісімге келген болуы мүмкін. «Бұл келісім қауіпсіздік кепілдігін толық қамтамасыз етпейді. Бұл әскери шабуыл орын алған жағдайда өзара көмек көрсету туралы келісім. Бірақ мұндай жағдай болашақта Украинаның НАТО-ға кіруіне жол ашады. Ал бұл құжат Киевтің қолдауын формалды түрде етеді, бірақ шабуыл болған жағдайда соғысқа қатысуға міндеттемейді. Сондай-ақ, құжат барлау мәліметтерімен, киберқауіпсіздік мәселелерімен алмасуды, қорғаныс өнеркәсібіндегі ынтымақтастықты және т.б. қамтиды», — деп түсіндірді саяси ғылымдар кандидаты, халықаралық сарапшы Станислав Желиховский. Басқаша айтқанда, агрессорға қарсы соғысқа қатыспай Украинаны қолдау туралы сөз болып отыр.

Киев үшін бұл НАТО-ға қосылғанға дейінгі қолайлы нұсқа. Израильге қатысты да осындай сценарий іске асырылды. Технология, қару-жарақпен алмасу, халықаралық қолдау туралы келісім жасалды, бірақ тараптардың біріне шабуыл жасалған жағдайда соғысқа қатысу туралы шарт жоқ. Бірақ Давостағы форумға қатысушы елдердің жартысы қол қойса, Ұлыбритания Киевке берген кепілдіктер жеткілікті болады.

 

Добавить комментарий