Украина РФ-мен арадағы шекараны нығайту үшін АҚШ-тан 24 млн доллар алды

АҚШ Украинаға Ресей Федерациясымен және Белорусьпен арадағы шекараны нығайту үшін миллиондаған транш бөлу туралы шешім қабылданды.

Бұл туралы хабарлама республиканың Мемлекеттік шекара қызметінің сайтында жарияланды.

Ведомствоның мәліметінше, Киев қажетті траншты алды және 2022 жылдың қаңтарынан бастап оны игере бастайды. Қаражаттың басым бөлігі шекара бөлімшелерін нығайтуға және жаңартылған техникалық базамен қамтамасыз етуге жұмсалады.

«Заманауи бейнетіркеу құралдары мен ұшқышсыз ұшу аппараттар кешені, шекарашыларды жеке қорғау, сондай-ақ олардың далалық жағдайда орналасуын қамтамасыз ету, көлікпен және байланыс құралдарымен күшейту — бұл біздің стратегиялық серіктестерімізбен келісілген қажеттіліктер», — деп мәлімдеді Сергей Дейнеко.

Ол алдағы уақытта Украина осы мақсатта Құрама Штаттардан тағы 4,5 миллион доллар алуы мүмкін екенін айтты. Олар шекара маңы инфрақұрылымын дамытуға және қашықтықтан бақылау жүйелерін сатып алуға жұмсалады.

Бұған дейін Украинаның Луганск және Харьков облыстарының аумағында 100 шақырымдық қоршаудың құрылысын аяқтағаны белгілі болды. Оған 15 бейнебақылау камерасы орнатылды, ал жанына төрт жедел орталық ашылды. Сондай-ақ, құрылысшылар көлікке қарсы шұңқыр қазып, бақылау-іздеу жолағын ашты.

Добавить комментарий