Украина президентінің кеңсесі Ресеймен келіссөздерді тоқтату туралы шешім қандай негіздер бойынша қабылданғанын .хабарлады
Атап айтқанда, Ресей көршілес елге басып кіруінің салдары қандай болатынын түсінбейді, сондықтан келіссөз жүргізудің еш мәні жоқ.
Егер Украина президенті РФ-мен келіссөздер жалғастыру керек екенін айтса, онда қайта басталуы мүмкін, алайда бұл Ресейдің иллюзиясына байланысты мүмкін емес. Бұл туралы Президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк «НВ» радиосында хабарлады.
«Сөзсіз, бүгін келіссөздер тоқтатылды. Біз үшін Украина президентінің ұстанымы маңызды. Ол келіссөздерді бастау керек, қандай да бір позицияға шығу керек дейтін болса, біз қайта бастаймыз. Бірақ бүгінде бұл мүмкін емес. Ресей соғыстың салдарын әлі де түсінбей отыр. Ресей Украинаның шығысында белгілі бір әскери жетістікке қол жеткіземіз деп ойлайды», — деп түсіндірді Кеңсе өкілі.
Подоляк РФ келіссөздерді бастау үшін санкцияларды әлі сезінген жоқ деп санайды.
«Ресей санкциялардан агрессор мемлекет ретінде зардап шекпей отыр. Бірақ бұл уақытша ғана, жаздың ортасына қарай олар санкцияны толықтай сезінеді. Ресей әлі әлемнен шеттетілген ел екенін түсінбеуде», — деп хабарлады ПК басшысының кеңесшісі.