Украина Ресейді Қара теңізде еркін қозғалуды шектеді

Ресейдің Украинаға баса көктеп кіруі украиндықтар және күллі өркениетті әлем үшін күтпеген жағдай болды. Айта кетейік, Ресей армиясы Украина армиясынан әлдеқайда қуатты еді. Мәселен, 2022 жылғы 24 ақпанда Ресей армиясы басып кіргенде Украинаның флоты болмаған. Қара теңіз толығымен Ресей Федерациясының бақылауында еді. Бірақ президент Владимир Путин бастаған ұрыс қимылдары басталғанына бір ай өткеннен кейін Ресейдің Қара теңіз флоты бірінші рет ауыз толтырарлықтай шығынға ұшырады. «Мәскеу» крейсері суға батырылды. Содан бері Украинаның техникалық мүмкіндігі артты, ал украин әскерилері тәжірибе жинады. Ресей Қара теңіздегі барлық әскери кемелеріне қауіп төніп тұрғанын және ресейлік флот Қырымнан қашуы керек екенін мойындауға мәжбүр. Украина Ресейдің Қара теңіз флотының кемелерін жүйелі түрде жойып келеді. Айта кету керек, кремльдік пропагандисттер теңіздегі шығындарын ресейліктерден жасыруда.

Көптеген сарапшылар мен аналитиктер үшін 2023 жылғы жаздағы украиналық қарымта шабуыл ұзақ уақыт бойы талқыланған басты тақырыпқа айналды. Олар үшін су айдынындағы жетістіктерге қарағанда, құрлықтағы сәтсіздіктер маңыздырақ болды. Соңғы бір жыл ішінде Украина Ресейдің Қара теңіз флотын жою бойынша айтарлықтай жетістікке жетті. Екінші дүниежүзілік соғыстан бергі Еуропадағы ең ауқымды соғыс басталғалы екі жылдан астам уақыт ішінде Украина 26 кеме мен катерді жойды. Тек соңғы бес аптада ғана Украина Қарулы Күштері ресейлік үш кемені суға батырды. РФ флотына жасалған соңғы шабуылда «Сергей Котов» патрульдік кемесі жойылды.

 

Украинаның әскери-теңіз күштері УҚК БББ «Group 13» арнайы мақсаттағы жауынгерлерімен бірлесіп Ресейлік әскери кемелерге шабуыл жасауда. Соңғы рет «Сергей Котов» 2024 жылғы 5 наурызда «Суздалец» шағын қайыққа қарсы қорғаныс кемесімен бірге жауынгерлік кезекшілікке шыққан еді. Түн ортасы ауғанда патрульдік кеме бес MAGURA V5 суүсті пилотсыз басқарылатын катерінің шабуылына ұшырап, суға батырылды. Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі, әдеттегідей, мұндай жағдайда кеменің суға батырылуына қатысты түсініктеме берген жоқ. Z-әскери тілшілері аталған оқиғаны растап, «Сергей Котов» кемесі бұған дейін екі рет украиналық ұшқышсыз басқарылатын ұшақтың шабуылына ұшырап, шамалы зақымданғанын айтты. Сондай-ақ, су ауданын күзету корабльдері бригадасының командирі де патрульдік кеменің жойылғанын растады. БББ оның баяндамасын ұрлап алды. Ол экипаж украиналық дрондармен қырық минут шайқасқанын, сондай-ақ кемемен бірге тікұшақ пен барлық қару-жарақтың суға батып кеткенін айтты.

Бригада командирінің сөздерінен-ақ қорғаныс күштері неліктен осы мақсатқа ұмтылғаны белгілі болып отыр. «Сергей Котов» әуе шабуылына қарсы қорғаныс бойынша жауынгерлік кезекшілікте тұрған. Бұл кемені әр түрлі тәсілмен жабдықтауға болатын еді. Украина Қорғаныс министрлігі Бас барлау басқармасының ресми өкілі Андрей Юсов ресейліктер аталған кемеде зениттік-зымыран кешендерін орнатуды жоспарлап отырғанын айтты. Сарапшылар оның артықшылықтары ретінде борттағы радиолокациялық станцияның қуатты жүйесін, тікұшақ ангарын, тікұшақ алаңын, бортта зениттік-зымыран кешендерін және «Калибр» теңіз базасындағы қанатты зымырандарға арналған ұшыру қондырғыларын орналастыру мүмкіндігін атады. Сондықтан «Сергей Котов» кемесін суға батыру Украина үшін өте маңызды болды.

Украина қорғаныс күштері қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмауда және қазірдің өзінде Ресейдің Қара теңіз флотындағы басқа да әскери корабльдерді жою жөніндегі операцияны дайындап жатыр. Мәскеу кемелердің бір бөлігін Новороссийск портына жіберді. Жаулап алынған Қырым түбегі маңынла «Циклон» шағын зымыран кемесі (осы аудандағы жалғыз «Калибр» тасымалдайтын кеме), «Пытливый» және «Ладный» күзет кемелері, «Георгий Курбатов», «Иван Антонов», «Ковровец» және «Иван Голубец» тральшылары, «Касимов», «Муромец» және «Ейск» корветтері бар.

БББ-ның осы ресейлік әскери кемелерге және Ресей Федерациясының басқа да кемелеріне қатысты жоспарлары бір. Украиналық әскерилер Ресейдің Қара теңіз флотының жоятынына күмән жоқ, жақын арада оларда тек шағын әскери кеме мен шағын катерлер ғана қалуы мүмкін.

Добавить комментарий