Украина президентінің кеңсесі келіссөздер процесі уақытша тоқтатағанын мәлімдеді. Бұл туралы Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі айтты.
УПК Украина мен РФ арасындағы келіссөздер тоқтағанын растады.
УПК басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер уақытша тоқтағанын растады. Бұл туралы ол украиналық телемарафон эфирінде айтты.
«Ыстамбұл коммюникесінен кейін ешқандай да өзгеріс, алға жылжу жоқ. РФ әлі де стереотипті ойлайды», — деп мәлімдеді Президент Кеңсесі басшысының кеңесшісі.
Оның айтуынша, кез келген соғыс келіссөздер үстелінде аяқталады және бұл процесті Украина президенті Владимир Зеленский модерациялайды.
«Бүгінде әңгіме Украина делегациясының келіссөздер процесінен «шығуы немесе шықпауы» емес, осы кезеңдегі орындылық пен нақтылық туралы болып отыр. Нақтылық болса — саяси келіссөздер жалғасады», — деп атап өтті Подоляк.
Подоляктың айтуынша, Ресей өз пропагандасының элементі ретінде келіссөздерді тек ішкі тұтыну үшін жалғастыруды жөн көреді.
Бұған дейін Ресей СІМ Украинамен келіссөздер тоқтатылғанын мәлімдеді, себебі Киев келіссөздер процесінен шығып кеткен.
Естеріңізге сала кетейік, Путин Украинамен келіссөздер қайта тығырыққа тірелгенін айтқан — оның айтуынша, Украина тарапы өз ұстанымын қайта қарады.
ПК басшысының кеңесшісі Алексей Арестович Донбасс үшін болған ұрыстан кейін РФ басшысы Зеленскиймен келіссөзге келгісі келеді деп санайды.