Украина Президенті Түркияға көмек көрсету туралы Жарлыққа қол қойды

Украина Президенті Владимир Зеленский жер сілкінісіне байланысты Түркияға көмек көрсету туралы Жарлыққа қол қойды. Құжат Мемлекет басшысының сайтында жарияланды.

Мемлекет басшысы Үкіметке Түркия аумағында зардап шеккендерге қолдау көрсетуді қамтамасыз етуді тапсырды.

«Жер сілкінісі салдарынан Түрік Республикасында қалыптасқан төтенше жағдайдың салдарын жоюға көмек көрсету үшін «Гуманитарлық көмек туралы» заңның 10-бабына сәйкес Түркия Республикасына гуманитарлық көмек көрсетуді қаулы етемін», — делінген жарлықта.

Сондай-ақ, Зеленский министрлер кабинетінің Түркияға гуманитарлық көмек көрсетуді тапсырды.

Добавить комментарий