Украина Президенті шетелдіктерді марапаттады

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейге қарсы қарулы қақтығыста Украинаны қолдап отырған шетелдік азаматтарды марапаттау туралы құжатқа қол қойылғанын хабарлады.

Олардың барлығы соғыс уақытында Киевте болған.

Марапатталғандардың арасында — АҚШ-тың Ресейдегі бұрынғы елшісі Майкл Макфол, дизайнер Демна Гвасалия, актерлер Шон Пенн, Бен Стиллер, Лив Шрайбер, Imagine Dragons тобының музыканттары, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен, Италия премьер-министрі Марио Драги, «Байрактар» компаниясының басшысы Халука Байрактар, актриса Джессика Честейн бар.

Құжатқа сәйкес, Честейнге үшінші дәрежелі Ольга ханшайымның ордені табыс етілді, ал қалғандары түрлі дәрежедегі «Еңбегі үшін» орденімен марапатталды.

Добавить комментарий