
Украина президенті Владимир Зеленский Ресей әскерлері Украина армиясына бұрынғыдан әлдеқайда ойластырылған шабуыл жасап жатқанын мәлімдеді.
«Ресей әскерлері біршама уақыт дайындалған Донбассқа шабуылды бастады десек болады. Қазір Ресей әскерінің едәуір бөлігі сонда шоғырланды. Ол жаққа Ресей әскері жиналса да, біз қорғанамыз, күресетін боламыз. Біз оны күнделікті жасайтын боламыз. Украинаға тиесілі ешнәрсені бермейміз, ал бізге біреудің жері қажеті жоқ», — деді Зеленский.
Ол Ресей әскерлері шығыс пен оңтүстікте бұрынғыдан әлдеқайда ойластырылған шабуыл жасауға тырысып жатқанын атап өтті.
«Еліміздің аумағына негізгі күштерімен кіру үшін қорғаныстың әлсіз тұсын іздеп жатыр», — деп толықтырды Украина Президенті.
Владимир Зеленский Ресейдің зымыран шабуылдарын «стратегиялық ақымақтық» деп атады, себебі санкцияларға байланысты РФ зымыран қорын оңай қалпына келтіре алмайды.
«Зымыран соққыларының ешқайсысы Ресей үшін жағдайды түбегейлі өзгерткен жоқ», — деп атап өтті Украина басшысы.