Украина президенті Владимир Зеленский пен әлемдегі ірі инвестициялық BlackRock компаниясының басшысы Ларри Финк онлайн келіссөздер барысында бірқатар маңызды мәселелерді талқылады.
Елге мемлекеттік және жеке инвестициялар тарту мәселесі талқыланды.
Бұл туралы Зеленский Telegram-да жазды.
«Біз ұрыс алаңында жеңіске жете алатынымызды көрсеттік. Біздің тағы бір маңызды міндетіміз — экономикада жеңіске жету.
Әлемдегі ең ірі BlackRock инвестициялық компанияның басшысы Ларри Финкпен әңгімелесу барысында Украинаға мемлекеттік және жеке инвестициялар тарту мүмкіндіктерін талқыладық», — деп мәлімдеді Украина президенті.
Оның айтуынша, Украина әлемдік капиталдың келуіне мүдделі, соның арқасында жаңа жұмыс орындары ашылып, экономика өсетін болады.
«Біз қалыпты инвестициялық ахуалды қалпына келтіргіміз келеді», — деді Зеленский.