Украина Президенті Владимир Зеленский АҚХА Бас директоры Рафаэль Гроссимен бірге Днепр су электр станциясында барып, Запорожье атом электр станциясын қорғау мәселесін талқылады.
Гросси Украинаның ядролық нысандарын қолдайтынын растады, сондай-ақ Днепр ГЭС Запорожье АЭС-тің ядролық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйенің ажырамас бөлігі екенін атап өтті.
Президент бас директорға станциядағы бүлінген жерлерді көрсетті. Бұл туралы Гросси Twitter-дегі аккаунтында жазды.