Украина Президенті «Үлкен жиырмалық» саммитіне шақырту алды

Саммит 2022 жылдың соңында өтеді.

Украина президенті Владимир Зеленский G20 саммитіне шақырту алды.

«Индонезия президенті Джоко Видодомен келіссөздер жүргіздім. Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдағаны үшін, атап айтқанда, БҰҰ-дағы айқын ұстанымы үшін алғыс айтты. Азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін талқыладық. G20 саммитіне қатысуға шақырғандарыңыз үшін алғысымды білдіремін», — деп жазды Зеленский әлеуметтік желідегі парақшасында.

Зеленский «Үлкен жиырмалық» саммитіне шақырту алды, бұған дейін Путин де шақырту алған болатын

Айта кетейік, осыдан бір апта бұрын Индонезияға «Үлкен жиырмалықтың» саммитіне Ресей президенті де шақырылғаны белгілі болды.

Бұған дейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесу барысында Стамбулда Украина көшбасшысы Владимир Зеленскиймен кездесуді ұсынғаны хабарланған болатын.

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Мәскеуде РФ президенті Владимир Путинмен кездескеннен кейін Киевте Украинаның президенті Владимир Зеленскиймен кездесу өткізетіні белгілі болды.

Добавить комментарий