«Халық қызметшісі» фракциясының басшысы Давид Арахамия осы аптаның ауыр өтуі мүмкін екенін айтып, оған дайын болуы керектігін атап өтті.
«Келесі апта өте ауыр өтуі мүмкін… Шұғыл қызметтер мен билік органдары түрлі сценарийлерді пысықтауда. Көптеген жаттығулар өткізілді, энергетиктер мен маңызды инфрақұрылымның іс-қимылдары пысықталды, әркім не істеу керектігін біледі. Біз дайындалып жатырмыз. Әскерилер дайындалуда», — деді Арахамия.
Ол әрбір украиналықты өзіне және отбасы мүшелеріне қамқорлық көрсетуге шақырды. Атап айтқанда, ол су толтырып алуды, сақтауға болатын тамақтарды, телефондар мен павербанкті зарядтауды, сондай-ақ жақын арадағы «Баспана пункті» қайда орналасқанын біліп алуға кеңес берді.