Украина Премьер-Министрі инфрақұрылым нысандары зақымдалғанын хабарлады


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/10/speech-41538-1667224207-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Ресейліктердің соңғы зымыран шабуылынан елдің 10 өңіріндегі украиналық 18 инфрақұрылым нысанына зақым келтірілді.

Украина үкімет басшысы Денис Шмыгаль негізінен энергетикалық нысандар зақымдалғанын, нәтижесінде жүздеген елді мекен электрмен жабдықтаудан ажыратылғанын хабарлады.

«Зымырандармен және дрондармен жасалған шабуылдан 10 өңірдегі 18 нысан зақымданды, олардың басым көпшілігі энергетикалық нысандар. Украинаның жеті облысындағы жүздеген елді мекендер электрмен жабдықтаудан ажыратылды», — деп жазды Шмыгаль Telegram-арнасында.

Премьер-Министрдің айтуынша, локалды авариялық өшірулер Киев, Днепропетровск, Харьков облыстарында, сондай-ақ Киев билігінің бақылауындағы Запорожье облысында жалғасуда.

 

Добавить комментарий