Украиналық әскери қызметшілер Leopard 2 танктерін қолдануды үйренгеннен кейін Польша Украинаға аталған техниканың 10 бірлігін береді.
Польшаның вице-премьері — ұлттық Қорғаныс министрі Мариуш Блащак бейсенбі күні өткен брифингте Польша Украинаны халықаралық коалиция аясында қолдайтынын мәлімдеді.
Ол сондай-ақ Польшаға берілген 14 Leopard танкісінен басқа, украиналық батальон Канададан төрт, Норвегиядан сегіз және Испаниядан алты танк алғанын хабарлады.
Блащак Польша испандық әріптестерімен Украинаға тағы төрт танк беру мәселесі бойынша келіссөздер жүргізіп жатқанын мәлімдеді.