«Рамштайн» аясында Украинаның қорғаныс мәселелері жөніндегі байланыс тобы бүгін, 15 ақпанда Украинаға танк жеткізу мәселелерін талқылайтын болады.
Бұл туралы Украинаның Қорғаныс министрі Алексей Резников Twitter-де айтты
«Брюссельдегі алғашқы жұмыс күні аяқталды. Мен «Рамштайн» мен НАТО-ға қатысушы барлық елдерге Украинаны қолдағаны үшін алғысымды білдіремін.
Ертең жемісті болады. Біз танктерді жеткізу мәселесін талқылауға көп уақыт жұмсаймыз».