Украина Қорғаныс министрлігі: РФ әскерлері Харьковты басып алуға дайындалып жатыр

Украина Қорғаныс министрлігі ресейлік әскерлер Харьковты басып алуға дайындалып жатқанын хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, Слобожан және Донецк аудандарындағы жау әскері күшейіп жатыр.

Ресей әскерлері БКО аймағындағы украин әскерлеріне шабуыл жасап, Харьковты басып алмақ. Бұл туралы брифинг барысында Украина Қорғаныс министрлігінің спикері Александр Мотузяник мәлім етті.

«Жау әскері Біріккен Күштерді қоршап алып, Харьков қаласын басып алу үшін шабуылды қайта бастауға дайындалып жатыр», — деп хабарлады Мотузяник.

Қорғаныс министрлігінің ақпараты бойынша, Ресей өз қарулы күштерінің Шығыс және Орталық әскери округтерінің құрамынан қосымша бөлімшелер құрып, орнын ауыстырып жатыр. Сондай-ақ, Батыс және Солтүстік округтердегі әскерлерін Слобожан және Донецк операциялық аудандарынаа жіберіп, басқа округтердегі және жұмылдыру резервіндегі әскерлерді тартуда.

Сонымен қатар, РФ әскери топтарын оқ-дәрі, зымырандар, жанар-жағармай қорларымен қамтамасыз ету үшін логистиканы жолға қояды, сондай-ақ «жараланғандарды қабылдау үшін» медициналық мекемелерді дайындап жатыр.

Добавить комментарий